Кембридж әдістемесі негізінде 1-11 сыныптарға қазақ тілін деңгейлік оқыту бағдарламалары жасалды - БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кембридж әдістемесі негізінде 1-11 сыныптарға қазақ тілін деңгейлік оқыту бағдарламалары жасалды. Бұл туралы 18-21 қарашада өткізілген Үкіметтің «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференциялар сериясында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.