А. Сәрінжіпов: ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыру мүмкіндігін енгізуді қарастырудамыз
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық түлектерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді бірнеше мәрте тапсыру мүмкіндігі тууы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференциялар сериясында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.