«Алтын сапа» бізді ынталандырып, жұмысты жетілдіруге көмектеседі» - «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін ұлттық награда, Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығында биыл Қызылорда облысын екі компания: «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен «Жанрос дриллинг» ЖШС таныстыруда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.