Алматы облысында он ай ішінде 62 тұрғын үй пайдалануға берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында биылғы жылы құрылыс саласына 40,0 млрд. теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен 237 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде биылғы жылға белгіленген 173 нысанның 122-сі пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық бөлімшесінде өткен брифинг барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Марат Нүсіпбаев айтты, деп хабарлады zhetysu.gov.kz.