Жамбыл облысы «Қордай» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары 100 келіден астам есірткі тәркіледі (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен және Қазақстанның оңтүстік шекараларының басым бөлігінде кедендік бақылаудың алынып тасталуына байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметіне елге тыйым салынған заттарды өткізудің жолын кесуге ерекше жауаптылық жүктелді. «Қордай» шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Нұрболат Тоқтасынұлының айтуынша, жыл басынан бастап ҚР аумағына есірткі өткізуге тырысқан 38 факті тіркелген.