Алматы облысында «Шин-лайн» ЖШС-ның тоңазытқыш қоймасы өртенді (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өтеген батыр кентінің өрт бөлімінің байланыс пунктіне «Шин-лайн» ЖШС компаниясына тиесілі балмұздақ дайындайтын цехтың өртенгені жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына Өтеген батыр ӨБ-3 кезекші қарауылы жетті. Өрт 6875 шаршы метрді шарпыған.