13 жарым тоннадан астам жүкті заңсыз әкеле жатқан жүргізуші ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе шекара отрядының «Әлімбет авто» көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінде (Қазақстан - Ресей шекарасы) бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында КамАЗ автокөлігімен Ресейден біздің елге қарай салмағы 720 кг «Су өткізбейтін суық битумды мастика», 1440 кг. «Жабындылық мастика», 1440 кг. «Су өткізбейтін (гидроизоляциялық) мастика», 6384 кг. «Унифлекс», 3588 кг. «Унифлекс ТКП» жүгін заңсыз әкеле жатқан 1977 жылы туған Қазақстан азаматы ұсталды.