БҚО-да сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ашық келісімге қосылушылар қатары көбейіп отыр (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолға алған сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және осы індетке қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылушылар қатары көбейіп отыр. Бұл туралы аталмыш агенттіктің БҚО бойынша департаменті төрағасының орынбасары - тәртіптік кеңес төрағасының міндетін атқарушы Мирболат Нұртазин мәлім етті.