Қырғызстанда Боранбай би мен Шоқан Уалихановтың 180 жылдығы аталып өтілді (ФОТО)
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғалымдар Шоқан Уалихановтың 180 жылдығы мен Боранбай бидің 235 жылдығына арналған Қырғызстанда өткен салтанатты шараға қатысты. Мереке аясында Шолпан-Атада, Ыстық көл жағасында қазақ ғалымы Шоқан Уалихановқа арналып тұрғызылатын ескерткіштің алғашқы тасы қаланды. Ескерткіштің ашылуы келесі жылдың күзінде өтпек.