Астанада «Шабыт» фестивалі ашылды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі салтанатты түрде ашылды. Биыл 18-ші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауда бағын сынауға 388 үміткер ниет білдірген. Олардың өнерін өзіміздің және Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресейден келген танымал майталмандар бағалайтын болады.