Бас прокуратураның алқа мәжілісінде сотталғандардың тұрмыстық және тұрғын-үй жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті, онда Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде сотталғандарды материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнаманы қолданудағы заңдылықтың жай-күйі қаралды.