ОҚО әкімі Әлем чемпионатының жүлдегеріне 1 млн. теңгенің сертификатын сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Бразилияның Сальвадоре-де-Байя қаласында еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бағдәулет Әлментайды қабылдап, миллион теңгенің сертификатын сыйлады. Сондай-ақ Б.Әлментайдың жаттықтырушысы Тоймұханбет Төребекұлының да еселі еңбегін бағалап, бес жүз мың теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.