Қазақстандық телеэкранға бірегей Мойнақ ГЭС-і жайлы түсірілген отбасылық кинолента эфирге шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша "Астанателефильм" киностудиясы "Жарық" хикаясының түсірілімін аяқтады. Премьера "Қазақстан" телеарнасының эфирінде 31 тамызда көрсетілетін болады. Бұл туралы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.