Қазақстанда мемлекет алдындағы қарыз көлемі 220 млрд. теңгеден асады - Әділет министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекет алдындағы қарыз көлемі 220 млрд. теңгеден асады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Саида Сағдат мәлім етті.