Рио Олимпиадасына жолдама алу үшін Қазақстан спортшылары 200 жарысқа қатысады
АCТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Бразилияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін Қазақстан спортшылары әртүрлі деңгейдегі 200-ден астам әлемдік жарыстарға қатысады. Бұл туралы бүгін осы салада тер төгіп жүрген барлық азаматтарды Спорт күнімен құттықтай отырып, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.