Қырғызстандық екі келіншек денесіне есірткі таңып Қазақстанға өтпек болған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын өткізбек болған қырғызстандық екі азаматшаны ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.