Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.