«Ауру адам таңдамайды» сөзінің мәнін терең түсініп жатырмыз – Мырзахмет Темірбеков
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданының құрметті азаматы Мырзахмет Темірбеков еліміздегі науқастар санының күрт көбейіп кетекеніне алаңдап отырғанын айтады. Ел ағасы соңғы кезде ғаламтор беттері мен әлеуметтік желілер қаралы хабар мен көңіл айтуға толып кеткенін алға тартып, көпшілікті карантин тәртібін сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.