Пәкістанда пойыз автобуспен соқтығысып, 19 адам қаза тапты
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістанның шығыс бөлігінде Пенджаб провинциясында пойыз автобусты соғып өтіп, салдарынан кем дегенде 19 тәу етуші сикх қаза тапты. Бұл туралы жұма күні Geo TV телеарнасы хабарлады.