Біз біргеміз: Қостанай облысында 22 мың отбасы қаржылай көмек алды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Біргеміз» қоры көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы аптада 80 қостанайлық бірреттік қаржылай қолдауға ие болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалына сілтеме жасап хабарлайды.