2020 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға 17 млрд теңгеден астам қаражат төленеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.