Атыраулық 11 жасар спортшы жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраулық 11 жасар спортшы Жансейіт Жанбосын 50 метрге butterfly стилінде жүзуден жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 31,72 секундта еңсеріп, алты жыл бұрынғы ел рекордын жаңартты.