Атырау халқының дәрі-дәрмек бағасына шағымдануына байланысты 50 дәріхана тексерілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов дәріханада алыпсатарлыққа жол бермеу және дәрі-дәрмектің шекті бағасын сақтауға байланысты жүргізілген мониторинг нәтижесін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.