Ордабасы ауданында 85 канал тазартылып жатыр
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында 871 шақырымды құрайтын 85 канал демеушілер есебінен механикалық тазартылудан өтуде. Бұл шаралар аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мен шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту мақсатында атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.