Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі - Күләш Шәмшидинова
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілдеден бастап жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 процентке көтеруді тапсырды. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Президент тапсырмасы аясында қай қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.