Астанада мас күйінде жол апатын жасаған полицей жұмыстан қуылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада мас күйде жол-көлік апатын жасаған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.