Қазақстандық мамандар Өзбекстанда көп қабатты үйлердің беріктігін сынауда
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда ірі панельді 9 қабатты үйдің вибродинамикалық сынаулары басталды. «Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сериялық өндіріске енгізуге жоспарланатын жаңа құрылымдық сызбаның сейсмикалық төзімділікке эксперименттік сынауларын Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мамандары жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.