Елімізде жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 439,8 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санына шаққанда 4,9 пайыз деңгейінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып.