Астанада жуырда «Сергек» камераларының деректері бойынша жазалау іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйектен бастап Астанада «Сергек» сертификатталған сурет және бейне жазу құрылғысының көмегімен түсірілген жолда жүру ережелерін бұзу деректері үшін әкімшілік жазалау шаралары іске қосылады. Ең алдымен, бұл жүйе жылдамдық режимін асырғаны үшін, қоғамдық көліктің жолағымен жүргені үшін (Bus Lane автобустық жолымен жүру) және стоп-сызығын кесіп өту сияқты бұзушылықтарды қарастыратын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.