Шымкент тұрғындары WhatsApp-пен тараған жалған хабарламаға алданды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте әлеуметтік желілер арқылы балаларға «мектепке қажетті құралдар тегін үлестірілетіндігі» туралы хабарлама тарағаннан кейін, көптеген ата-ана балаларын ерітіп, қала орталығындағы Пушкин кітапханасына жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.