Алматыда жүзден аса құтқарушы қан тапсырды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «1000 ізгілікті іс» акциясы аясында қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің бастамасымен «Құтқарушы - қан доноры» акциясы өтті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.
Оның айтуынша, 4 күнге созылған акция аясында 100-ден астам адам қан тапсырды.