Д.Ақышев: Ұлттық банктің бұрынғы және қазіргі басшылығы арасында ешқандай алауыздық жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасымен арамызда еш келіспеушілік жоқ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдерінің сауалына орай осылай деді.