Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қосымша 120 млрд теңге қайда жұмсалады
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ол қаражаттың қалай жұмсалатынын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.