Қазақстанда 5 газ құбыры және 1 газ тарату стансасы салынады - министр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің аумағында 2 магистральды газ құбыры, 3 газ құбыры және 1 автоматтандырылған газ тарату стансасы салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.