Азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге 1,3 трлн теңге жұмсалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге үш жылдың ішінде 1,3 трлн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.