Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді - министр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.