Жаңа жыл түнінде Астананың мұз қалашықтарында қандай шаралар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түнінде Астанада қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылады. Сондай-ақ түнде қаланың үш ауданында мерекелік отшашу болады. Мереке күні болатын шаралар туралы мәліметті Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.