Ауа райы: Сейсенбіде тұман түседі, бұрқасын соғады, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қарашада Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды аймағында орналасқандықтан, қар жауады, тек республиканың батысында ғана күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.