Қарағанды тұрғыны үш тонна балықпен ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары Қарағанды облысының тұрғыны тізгіндеген «ФОРД» автокөлігін тексеру барысында ірі көлемде балық тиелгенін анықтаған. 3 тоннадан астам балықты құжатсыз тасымалдаған азамат мемлекетке 10 миллион теңге шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.