Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының келешегі талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Георгий Церетелимен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.