Астанада «Түрікменстан: кеше және бүгін» көрмесі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қараша күні Астанада «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қоры» қоғамдық қорының филиалы - «Мирас» халықаралық мектебінде Түрікменстан, Үндістан, Түркия, Франция және басқа мемлекеттер елшіліктерінің қатысуымен Мәдениетаралық хабардарлық күні өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Түрікменстан Елшілігіне сілтеме жасап.