Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көп жақтылықты нығайтуға шақырды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат -Қазақстанның делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көп жақтылықты нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеп, бүкіл әлем мемлекеттерін халықаралық құқықты, БҰҰ Жарғысының қағидалары мен мақсаттарын құрметтеуге негізделген жаһандық тәртіпті және қауіпсіз әлемді құру үшін бірігуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.