Жасөспірімдер мінген автобус шыңырауға құлап, жетеуі қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің солтүстігінде жасөспірімдер командасын әкеле жатқан автобус шыңырауға құлады, салдарынан жеті адам қаза болып, тағы 11 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Сильвия Пессах мәлім етті, деп хабарлайды Canal N телеарнасы.