Ауғанстанда сайлау учаскесінде жарылыс болды
КАБУЛ. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан 15 адам қаза болды. Жарылғыш зат Хаир Хане ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде іске қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.