Қазақстандық каноэшы Алтынбек Қожахмет әлем чемпионатында күміс олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық каноэшы Алтынбек Қожахмет Болгарияның Пловдив қаласында юниорлар арасында (18 жас және одан да төмен) каноэ мен байдарка есуден өтіп жатқан Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.