Көкшетау халқы Денис Теннің құрметіне шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар қаланың орталық алаңында қыршын кеткен қысқы олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алып, портретіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.