Қапшағайда демалушыларға арналған жаңа жағажай ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайдың қамыс басқан жағалауы адам танымастай өзгерді. Бір жыл бұрын ғана жабайы демалыс орны болған аймақта жаңа жолдар, жарық, жаяу жүргіншілер жолы, демалыс орындары салынып, арнайы автотұрақтар пайда болды. Туристер үшін демалыс аймағына кіру тегін, бірақ әр көлік демалыс аймағынан шыққан уақытта 300 теңге төлеуге тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.