Мемлекеттік органдар миллиардтаған қаржыны қайда жұмсағандарын ашық көрсетпейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде сарапшылардың зерттеулері мен талдаулары негізінде мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылданады. Алайда отандық сарапшылар арасында әлі де ашық байланыс жоқ. Зерттеулердің басым бөлігі жарияланбайды. Бұдан бөлек, әлі күнге дейін шетелдік мамандарға тапсырыс беру жағы басым. Соның салдарынан өз елімізде мықты сараптамалық база қалыптаспай отыр. Бірақ бюджеттен ақша миллиардтап бөлінеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.