Каспий теңізінде қайықтарын жел айдап әкеткен екі балықшы құтқарылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспийде күшті жел қайығын теңіздің ортасына қарай айдап әкеткен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.