ОҚО-да диқандар 51 мың гектарға қауын-қарбыз еккен
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары 97 пайызға орындалған. Ал биылғы жылы шаруаларға аталған жұмыстарға мемлекет тарапынан 55 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 27 мың тоннадан астам жанармай берілді. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мақтаарал ауданына жасаған сапары кезінде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.